ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШТАР ЖАРЫСЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШТАР ЖАРЫСЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШТАР ЖАРЫСЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ

Орал қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған техникалық шығармашылық және өнертапқыштар арасындағы республикалық жарыс өтті. Білім сайысында Түркістан облысының оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді.

Атап айтқанда, Мақтаарал ауданындағы №3 А.Пушкин атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушысы Халил Агалиев «Ракеталық модельдеу» бағыты бойынша І орынға ие болды. Сонымен қатар, Төлеби ауданының оқушылар үйіндегі «Кеме және әуе модельдеу» үйірмесінің тәрбиеленушісі Ескендір Хасан «F4-C» номинациясында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Аталған жетістіктер оқушылардың техникалық шығармашылыққа деген қызығушылығы мен ізденісін, сондай-ақ педагогтардың жүйелі еңбегін айқын көрсетеді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

___

ШКОЛЬНИКИ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАНЯЛИ ПРИЗОВЫЕ МЕСТА НА РЕСПУБЛИКАНСКОМ КОНКУРСЕ ИЗОБРЕТАТЕЛЕЙ

В городе Уральск состоялся республиканский конкурс технического творчества и изобретательства, организованный Республиканским учебно-методическим центром дополнительного образования Министерства просвещения Республики Казахстан. На образовательном соревновании учащиеся Туркестанской области показали высокие результаты и завоевали призовые места.

В частности, ученик общеобразовательной школы №3 имени А. Пушкина Мактааральского района Халил Агалиев занял I место в направлении «Ракетное моделирование». Кроме того, воспитанник кружка «Судо- и авиамоделирование» Дома школьников Толебийского района Ескендир Хасан был награжден дипломом III степени в номинации «F4-C».

Эти достижения наглядно демонстрируют интерес и стремление учащихся к техническому творчеству, а также системную и плодотворную работу педагогов.

Региональная служба коммуникаций Туркестанской области