
ТҮРКІСТАНДА «TENNIS EUROPE 16&UNDER TURKESTAN G3» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан қаласында алғаш рет теннистен 16 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтетін «Tennis Europe 16&Under Turkestan G3» халықаралық турнирінің жалауы көтерілді.
Беделді додаға көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінен және Қазақстанның әр өңірінен іріктелген жас теннисшілер қатысуда. Жалпы жарысқа 32 ұл және 32 қыз спортшы қатысып, өзара мықтыларын анықтайды.
Халықаралық турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров, Түркістан теннис клубының директоры Алмас Таушаев, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Шынболат Райханов қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
Рухани шаһарда ұйымдастырылып отырған бұл халықаралық жарыстың негізгі мақсаты – өңірде теннис спортын дамыту, жас спортшылардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау және бұқаралық спортты кеңінен насихаттау.
Айта кетейік, тартысты бәсеке 16-20 наурыз аралығында өтеді. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы медальдармен, кубоктармен және алғыс хаттармен марапатталады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
--------------------------------
В ТУРКЕСТАНЕ СТАРТОВАЛ МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТУРНИР «TENNIS EUROPE 16&UNDER TURKESTAN G3»
В городе Туркестане впервые подняли флаг международного турнира по теннису среди спортсменов до 16 лет - «Tennis Europe 16&Under Turkestan G3». В престижном соревновании принимают участие юные теннисисты из соседних государств - Узбекистана, Кыргызстана, России, а также различных регионов Казахстана. Всего в состязаниях за звание сильнейших поборются 32 юноши и 32 девушки.
В торжественной церемонии открытия международного турнира приняли участие руководитель управления физической культуры и спорта Туркестанской области Галымжан Худияров, директор Туркестанского теннисного клуба Алмас Таушаев и директор областной школы высшего спортивного мастерства Шынболат Райханов, которые пожелали молодым спортсменам удачи.
Основная цель международного соревнования, организованного в духовной столице, - развитие теннисного спорта в регионе, создание возможностей для обмена опытом между молодыми атлетами и широкая пропаганда массового спорта.
Матчи пройдут в период с 16 по 20 марта. По итогам турнира победители и призеры будут награждены специальными медалями, кубками и благодарственными письмами.
Пресс-служба акима Туркестанской области