
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖАНДАНА ТҮСТІ
📍Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы тұрақты жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда республикалық маңызы бар жолдарды тазалауға 20 техника, 132 жұмысшы жұмылдырылған. Ал облыстық жолдарда 22 дана техника, 82 жұмысшы тазалық жұмыстарын атқаруда. Жолдардың тазалығы тұрақты бақылауда. Биыл аталған бағдарлама аясындағы іс-шараларды күшейту жоспарлануда. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде баяндалды.
▪️Мәжілісте облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов баяғдарлама аясында биыл атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, күнделікті жүргізілетін 7257 тазалық шарасының жоспары бекітілген.
▪️Облыс аумағында қоқыс жиі жиналатын 117 «ыстық нүкте» анықталды. Атап айтқанда, адам көп шоғарланатын орындар, жол бойындағы кәсіпкерлік нысандар, базарлар, мал базарлар, кеден бекеттері, тарихи және шомылатын орындар сияқты нүктелерге баса назар аударылды. Аталған нүктелердің арнайы картасы әзірленіп, бөлек жоспар бекітілді. Бұл аумақтарда тұрақты мониторинг жүргізіледі. Сонымен қатар бұл орындарға бейнебақылау камераларын орнату және Полиция департаментімен күнделікті рейдтік іс-шаралар жүргізу жоспарлануда.
▪️Республикалық «Таза Қазақстан» бағдарлама аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Эко-патруль» белсенді жастар жобасын іске қосу көзделіп отыр. Қазіргі таңда, 387 белсенді жастың тізімі жасақталып, олардың әлеуеті осы салаға бағытталады.
▪️Бұдан бөлек, «Ғарыш сапары» тарапынан анықталған қоқыс орындары тұрақты қадағаланып келеді. Соңғы екі жылдағы талдау нәтижесі бойынша бей-берекет қоқыс орындарының саны 367-ден 249-ға дейін төмендеген. Сондай-ақ телеграмм-чат-бот «TAZAQAZBOT» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен өтінімдер тұрақты түрде бақылауда. Бүгінгі күнге дейін 3 524 өтінім қабылданып, оның 3 518 орындалған. Қалған 6 өтінім қаралу үстінде.
▪️Облыс әкімі Нұралхан Көшеров «Таза Қазақстан» бағдарламасын уақтылы әрі сапалы жүзеге асыруды, жұмысты жандандыруды тапсырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
___
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ АКТИВИЗИРОВАНА РАБОТА В РАМКАХ ПРОГРАММЫ «ТАЗА КАЗАҚСТАН»
📍В Туркестанской области на постоянной основе реализуется программа «Таза Қазақстан». На сегодняшний день в очистке дорог республиканского значения задействовано 20 единиц техники и 132 рабочих. На дорогах областного значения работают 22 единицы техники и 82 рабочих. Чистота дорог находится под постоянным контролем. В текущем году планируется усилить мероприятия в рамках данной программы. Об этом было доложено на еженедельном аппаратном совещании под председательством акима Туркестанской области Нуралхана Кушерова.
▪️В ходе совещания первый заместитель акима области Зулфухар Жолдасов подробно остановился на работах, запланированных на этот год. По его словам, утвержден план, включающий 7 257 ежедневных мероприятий по санитарной очистке.
▪️На территории области выявлено 117 «горячих точек», где чаще всего скапливается мусор. Особое внимание уделено местам массового скопления людей - объектам предпринимательства вдоль дорог, рынкам и скотным рынкам, таможенным постам, историческим местам и пляжам. Разработана специальная карта этих точек, утвержден отдельный план работы. В данных зонах проводится регулярный мониторинг. Кроме того, планируется установка камер видеонаблюдения и проведение ежедневных рейдов совместно с департаментом полиции.
▪️Для формирования экологической культуры среди населения в рамках программы «Таза Қазақстан» планируется запуск молодежного проекта «Эко-патруль». Сформирован список из 387 активных молодых людей, чей потенциал будет направлен на улучшение экологии региона.
▪️На постоянном контроле находятся места стихийных свалок, выявленные АО «НК «Қазақстан Ғарыш Сапары». Согласно анализу за последние два года, количество несанкционированных свалок снизилось с 367 до 249. Активно используется Telegram-чат-бот для приема обращений граждан. На сегодняшний день поступило 3 524 заявки, из которых 3 518 уже исполнены, а 6 находятся на стадии рассмотрения.
▪️Аким области поручил обеспечить своевременную и качественную реализацию программы «Таза Қазақстан», а также активизировать работу во всех направлениях.
Пресс-служба акима Туркестанской области