ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОТАНДЫҚ БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛМЕК

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОТАНДЫҚ БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛМЕК

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОТАНДЫҚ БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛМЕК

▪️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаевпен кездесті. Кездесуде өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту, инвестициялық жобаларды қолдау және институционалдық ортаны жетілдіру мәселелері жан-жақты талқыланды.

▪️Облыс әкімі өңірдің инвестициялық әлеуетіне тоқталып, қолайлы іскерлік орта қалыптастыру бағытында бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

📌– Өңірде 215 мың шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс жасауда. Бұл көрсеткіш бойынша республикада көшбасшылардың біріміз. Кәсіпкерлік саласы өңірдегі жұмыспен қамту мен әлеуметтік тұрақтылықтың негізгі факторы. Бүгінгі таңда біздің алдымызда экономикадағы шағын және орта бизнес үлесін ұлғайту, қайта өңдеу өнеркәсібін, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және инвестиция тарту бойынша нақты міндеттер тұр. Өңірде кәсіпкерлік субъектілерді қолдау мақсатында индустриялық және арнайы экономикалық аймақтарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Біз кәсіпкерлердің қаржысын және уақытын үнемдеу мақсатында шағын өндірістік парктер жобасын қолға алдық. Кәсіпкерлер үшін дайын өндірістік ғимараттар жеңілдетілген шарттармен жалға алу немесе сатып алу арқылы ұсынылады. Түркістан облысында кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мақсатында «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен жүйелі өзара іс-қимылымызды күшейтуіміз қажет. Алдағы уақытта отандық бизнесті қолдау, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және қолайлы іскерлік ортаны қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды бірлесіп атқаратынымызға сенемін, – деді Нұралхан Көшеров.

▪️Кездесу барысында Қанат Шарлапаев Түркістан облысының экономикалық әлеуетін ерекше атап өтіп, өңір бизнесін қолдау мүмкіндіктеріне тоқталды.

📌– Өңірлерге алғашқы сапарымды Түркістан облысынан бастағаныма қуаныштымын. Бұл – демографиялық әлеуеті жоғары, аграрлық секторы мықты, кәсіпкерлік белсенділігі өсіп келе жатқан аймақ. Елдің экономикалық өсімінің негізгі нүктелерінің біріне айналуға барлық мүмкіндігі бар өңір. Палата нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіруге белсенді қатысып, рәсімдерді жеңілдету және өңірлік бизнестің мүддесін қорғау бағытында жұмыс жүргізуде. Ережелер өндіріс пен өңдеуді қиындатпай, керісінше ынталандыруы тиіс. Егер қандай да бір норма дамуға кедергі келтірсе, оны өзгерту қажет. Палата бұл бағытта белсенді серіктес бола алады, – деген Қанат Шарлапаев Палата проблемаларды тіркеумен ғана шектелмей, оларды жүйелі шешуге көшкенін айтты.

▪️Жер мәселесі, инфрақұрылым, инженерлік желілерге қосылу, рұқсат рәсімдері, тексерулер мен қаржыландыруға қолжетімділік – кәсіпкерлер жиі кездесетін кедергілер. Жиында осы бағытта жобаларды бірлесіп сүйемелдеудің нақты әрі түсінікті механизмін қалыптастыру ұсынылды. Сонымен қатар Палата цифрлық шешімдерді енгізуді және еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыруға дайын екені айтылды.

▪️Кездесуде шағын, орта және ірі бизнеске арналған нақты құралдар да таныстырылды. Шағын бизнес үшін өңірлерде жеңілдетілген қаржыландыру құралы іске қосылған. Мөлшерлеме – 13,2%, қаржыландыру көлемі – 200 млн теңгеге дейін. Жалпы республика бойынша бұл бағытқа шамамен 400 млрд теңге қарастырылған. Қаржы өндіріс пен өңдеу саласына бағытталуы тиіс. Бұл тетік Түркістан облысы үшін өзекті. Себебі өңірде агроөңдеу, құрылыс материалдары өндірісі, тамақ және жеңіл өнеркәсіп қарқынды дамып келеді.

▪️Кездесу соңында әкімдік пен бизнес арасындағы тұрақты әрі мазмұнды диалогтың маңыздылығы атап өтілді. Инвестициялық жобаларды бірлесіп мониторингтеу, инфрақұрылымдық шектеулерді талдау және жүйелі мәселелерді Үкімет деңгейіне жедел шығару бойынша ұсыныстар айтылды. Түркістан облысының әлеуетін толық іске асыру бағытындағы әріптестік алдағы уақытта да жалғасатын болады.

▪️Айта кетейік, облыста 1 960 гектарды құрайтын 21 индустриалды аймақ болса, оның 12-сі соңғы екі жылда құрылды. Сондай-ақ, арнайы экономикалық аймақта 2 жаңа өнеркәсіптік қосалқы аймағы құрылды. Қазіргі уақытта индустриялық және экономикалық аймақтарда құны 445,4 млрд теңге болатын 126 инвестициялық жоба іске асырылуда. Іске асырылуы 2026-2029 жылдарға жоспарланған 2,8 трлн теңгені құрайтын 111 инвестициялық жобалардың пулы қалыптастырылды. Аудан, қалаларда 25 өндірістік парк құрылуда. Бүгінгі таңда құрылысы аяқталған 45 өндірістік ғимаратта 32 жоба іске қосылды. Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы мен өзекті мәселелері апта сайын инвестициялық штабта қаралады. Әкімдік тарапынан әрбір жоба бойынша қажеті сүйемелдеу жұмыстары атқарылуда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
___

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ УСИЛЯТ ПОДДЕРЖКУ ОТЕЧЕСТВЕННОГО БИЗНЕСА

▪️Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров встретился с Председателем Президиума Национальной палаты предпринимателей РК «Атамекен» Канатом Шарлапаевым. В ходе встречи были обсуждены вопросы развития предпринимательства в регионе, поддержки инвестиционных проектов и совершенствования институциональной среды.

▪️Глава области подробно остановился на инвестиционном потенциале региона и призвал к совместной работе по формированию благоприятного делового климата.

📌- В регионе работают 215 тысяч субъектов малого и среднего бизнеса. По этому показателю мы входим в число лидеров в республике. Предпринимательский сектор является ключевым фактором обеспечения занятости и социальной стабильности в регионе. На сегодняшний день перед нами стоят конкретные задачи: увеличение доли малого и среднего бизнеса в экономике, развитие перерабатывающей промышленности, агропромышленного комплекса и привлечение инвестиций. Для поддержки предпринимателей ведется интенсивная работа по обеспечению необходимой инфраструктурой индустриальных и специальных экономических зон. Чтобы сэкономить время и средства предпринимателей, мы инициировали проект малых промышленных парков. В их рамках бизнесменам предлагаются готовые производственные здания на льготных условиях — как в аренду, так и для выкупа. Для дальнейшего развития бизнеса в Туркестанской области нам необходимо усилить системное взаимодействие с Национальной палатой предпринимателей "Атамекен". Уверен, в будущем мы продолжим совместную работу по поддержке отечественного бизнеса, защите прав предпринимателей и созданию благоприятной деловой среды, - сказал глава региона.

▪️В ходе встречи Канат Шарлапаев подчеркнул экономический потенциал Туркестанской области и обозначил возможности для поддержки регионального бизнеса.

📌- Рад, что свой первый визит в регионы я начал с Туркестанской области. Это регион с высоким демографическим потенциалом, сильным аграрным сектором и растущей предпринимательской активностью. У вас есть все возможности стать одной из ключевых точек экономического роста страны. Палата активно участвует в совершенствовании нормативно-правовых актов, упрощении процедур и защите интересов регионального бизнеса. Правила не должны усложнять производство и переработку, напротив - они должны их стимулировать. Если какая-либо норма мешает развитию, ее необходимо менять. Палата готова быть активным партнером в этом направлении, - заявил Канат Шарлапаев, добавив, что «Атамекен» переходит от фиксации проблем к их системному решению.

▪️Земельные вопросы, инфраструктура, подключение к инженерным сетям, разрешительные процедуры, проверки и доступность финансирования - это барьеры, с которыми чаще всего сталкиваются предприниматели. На совещании было предложено сформировать четкий и понятный механизм совместного сопровождения проектов. Кроме того, Палата выразила готовность стимулировать внедрение цифровых решений и повышение производительности труда.

▪️В ходе встречи были презентованы конкретные инструменты для малого, среднего и крупного бизнеса. Для малого бизнеса в регионах запущен инструмент льготного финансирования: ставка - 13,2%, объем финансирования - до 200 млн тенге. Всего по республике на эти цели предусмотрено около 400 млрд тенге. Средства должны направляться в сферу производства и переработки, что крайне актуально для Туркестанской области, где активно развиваются агропереработка, производство стройматериалов, пищевая и легкая промышленность.

▪️В завершение встречи была подчеркнута важность постоянного и содержательного диалога между акиматом и бизнесом. Были озвучены предложения по совместному мониторингу инвестпроектов, анализу инфраструктурных ограничений и оперативному выносу системных проблем на уровень Правительства.

▪️Отметим, в области насчитывается 21 индустриальная зона общей площадью 1 960 гектаров, 12 из которых были созданы за последние два года. Также в специальной экономической зоне созданы две новые промышленные подзоны. В индустриальных и экономических зонах реализуются 126 инвестпроектов на сумму 445,4 млрд тенге. Сформирован пул из 111 проектов на сумму 2,8 трлн тенге с периодом реализации в 2026-2029 годах. В районах и городах создаются 25 промышленных парков. В 45 построенных зданиях запущено 32 проекта.

▪️Ход реализации инвестиционных проектов еженедельно рассматривается на заседании инвестиционного штаба. Со стороны акимата по каждому проекту проводится необходимая работа по сопровождению.

Пресс-служба акима Туркестанской области