
ЕЛ ТАРИХЫНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ БАЙДАРКА ЖӘНЕ КАНОЭДА ЕСУ СПОРТЫНАН ТҮРКІСТАНДА АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ
▪️Бүгін, 26 қазанда, Тайландта байдарка және каноэда есуден Азия конфедерациясының (ACC) конгресінде тарихи шешім қабылданды.
▪️Азиялық федерациялар басшыларының басым дауысымен 2026 жылдың маусым айында Қазақстанның тарихи шаһары – Түркістанда 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында байдарка және каноэда есуден Азия чемпионаты мен параканоэден VI Азия чемпионаты өтетін болды.
▪️Бұл – елімізде байдарка және каноэда есуден, сондай-ақ параканоэден осындай деңгейдегі жарыстардың алғаш рет өткізілуі.
Түркістанға Азия құрлығының 30 елінен 500-ге жуық мықты спортшы жиналады деп күтілуде.
▪️Айта кетейік, Түркістандағы халықаралық талапқа сай ескек есу кешені биыл пайдалануға берілді. Орталық Азияда теңдесі жоқ нысан тұрақты түрде әлемдік деңгейдегі сайыстарды қабылдамақ.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі