
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА «БАБАЛАР ҮНІ» БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ
Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында «Бабалар үні» атты этнос өкілдері арасында қазақтың эпостық жырларын жатқа айтудан байқау басталды. Шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған.
Байқау - түрлі этнос өкілдері арасында қазақтың ауыз әдебиеті мен ұлттық өнерін, мемлекеттік тілді насихаттауға, талантты эпос жырын орындаушыларды анықтауға бағытталған.
Шара барысында облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов пен облыстық қоғамдық даму басқармасы “Қоғамдық келісім” КММ-і басшысының орынбасары Ерназар Баетов қатысушыларға сәттілік тілеп, өнерлеріне баға беруде. Жарыс барысында олар үміткерлердің эпосты орындау шеберлігіне, шығарманы таңдау талғамына, дауыс ырғағы мен тіл тазалығына назар аударады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі