
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАДЫ
2025 жылдың алғашқы бес айының қорытындысымен Түркістан облысы экономикалық өсім қарқыны бойынша елімізде көш бастады. Өсім көрсеткіші 120,4%-ды құрап, өңірдің барлық негізгі салаларында оң динамика байқалды.
Экономиканың негізгі секторларындағы көрсеткіштер:
- Өнеркәсіп өндірісі көлемі – 593 млрд теңге (+14,8%);
- Ауыл шаруашылығы – 194,3 млрд теңге (+6,3%);
- Құрылыс жұмыстары – 117,4 млрд теңге;
- Сауда айналымы – 269,7 млрд теңге;
- Көлік және логистика саласы – 209,3 млрд теңге;
- Байланыс қызметтері – 4,9 млрд теңге;
- Пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі – 306,1 мың шаршы метр.
Бұл көрсеткіштер Түркістан облысының экономикасы әртараптанып, бірқатар салаларда тұрақты және қарқынды даму жолына түскенін көрсетеді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі