ҚЫТАЙ САПАРЫ: НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ БЕЙЖІҢДЕ 20-ДАН АСТАМ КОМПАНИЯ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми және іскерлік делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары барысында шетелдік инвестицияларды тарту және өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Бейжіңдегі жетекші компаниялардың басшыларымен екіжақты кездесулер өткізуде. Инвестициялық әріптестікті нығайту және заманауи өндіріс ошақтарын ашу үшін аймақ басшысы кәсіпкерлерге өңірдің әлеуетін таныстырып, бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Қытай тарапы Түркістан облысының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, түрлі салада ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруға қызығушылық танытуда.
✔️Бизнесін таныстырған барлық кәсіпкерлерге алғыс айтқан Нұралхан Оралбайұлы әр инвестормен жеке жұмыс істейтінін жеткізді. Мұндай кездесулердің жаңа жобаларды іске асыруға жол ашатын айтып, екі елдің экономикалық ынтымақтастығы мен іскерлік серіктестігінің дамуын үлгі етті. Облыс әкімі инвесторлар үшін барлық жағдай жасалған Түркістан облысының инвестициялық әлеуетімен таныстырды. Жаңа инвестициялық жобаларды табысты іске асыру үшін қажетті қолдауды көрсететінін жеткізді.
📌– Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасында өте жоғары деңгейде дипломатиялық байланыс орнаған. Қос мемлекеттің басшыларының өзара тығыз байланысы, достығы жаңа жобаларды жүзеге асыруға серпін беруде. Түркістан облысында өндіріс орындарын көбейтуге, жаңа зауыттар мен фабрикалар салуға мүдделіміз. Өңірдің табиғи климаттық жағдайы қолайлы, ауыл шаруашылығымен жыл бойы айналысуға мүмкіндік береді. Жібек жолының бойында орналасқан аймақтың кадрлық әлеуеті жоғары және қажетті жұмыс күшін ұсына алады. Қазіргі уақытта біздің облыста қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан. Өңіріміздің негізгі инвестициялық алаңдары – 15 индустриалды аймақ және жалпы аумағы 4000 гектар алаңды құрайтын «Turan» арнайы экономикалық аймағы. Жобаларды талқылап, бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз, – деген Нұралхан Көшеров инвесторларды облысқа шақырды.
✔️Облыс әкімі ауыл шаруашылығы өнімдерін және азық-түлікті қайта өңдеуге арналған жабдықтар, ауыл шаруашылығы бұлтты платформасы, ауылшаруашылық суару, ауыл шаруашылығын автоматтандыру бағытында әлемдік рейтингте көш бастаған компания басшыларымен кездесті. Сондай-ақ мақта шаруашылығындағы “ақылды агротехнологияны” дамыту бойынша жаңа жобалар қаралды.
Бұл бағыттар бойынша өңірдің кәсіпкерлері серіктес болуға дайын. Жеңіл өнеркәсіп саласын дамытуға қатысты бірқатар бастамалар ортаға салынды. Азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорын салу жоспары талқыланды. Бұдан бөлек, кездесуге қатысқан инвесторлар теңіз өнімдерін өңдеу саласында бірлескен жобаны қаржыландыруға ниетті.
✔️Кездесуде сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы бейнебақылау және жасанды интеллект желісін дамыту бойынша ғылыми-зерттеу орталығының жұмысы таныстырылды.
✔️Қытайлық компаниялармен іскерлік кездесулер барысында кәсіптік білім беру саласын дамыту жолдары талқыланды. Өңір басшысы техникалық мамандықтарды дамыту үшін серіктестік орнатуға мүмкіндіктер қарастырылатынын жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
---
ВИЗИТ В КИТАЙ: НУРАЛХАН КУШЕРОВ ПРОВЕЛ ВСТРЕЧУ С РУКОВОДИТЕЛЯМИ БОЛЕЕ 20 КОМПАНИЙ В ПЕКИНЕ
✔️Официальная и деловая делегация во главе с акимом Туркестанской области Нуралханом Кушеровым в ходе рабочего визита в Китайскую Народную Республику проводит двусторонние встречи с руководителями ведущих компаний Пекина с целью привлечения иностранных инвестиций и развития межрегионального сотрудничества. Для укрепления инвестиционного партнерства и открытия современных производств глава региона ознакомил предпринимателей с потенциалом региона и призвал к совместной работе. Китайская сторона заинтересована в реализации долгосрочных проектов в различных сферах, эффективно используя возможности Туркестанской области.
✔️Поблагодарив всех предпринимателей, представляющих свой бизнес, Нуралхан Оралбайулы отметил, что будеть работать с каждым инвестором индивидуально. Такие встречи послужили примером развития экономического сотрудничества и делового партнерства двух стран. Аким области ознакомил с инвестиционным потенциалом Туркестанской области, где созданы все условия для инвесторов. Будет оказана необходимую поддержка для успешной реализации новых инвестиционных проектов.
📌- Между Китайской Народной Республикой и Республикой Казахстан установлены дипломатические отношения на очень высоком уровне. Тесные связи, дружба руководителей двух государств дают толчок к реализации новых проектов. В Туркестанской области заинтересованы в увеличении производства, строительстве новых заводов и фабрик. Природные климатические условия региона благоприятные, позволяют заниматься сельским хозяйством круглый год. Расположенный вдоль Шелкового пути, регион имеет высокий кадровый потенциал и может предоставить необходимую рабочую силу. В настоящее время в нашей области сложился благоприятный инвестиционный климат. Основными инвестиционными площадками региона являются 15 индустриальных зон и специальная экономическая зона "Turan" общей площадью 4000 гектаров. Мы готовы к совместной работе, обсуждая проекты, - заявил Нуралхан Кушеров приглашая инвесторов в область.
✔️Аким области встретился с руководителями компаний, возглавляющих мировые рейтинги в области оборудования для переработки сельхозпродукции и продуктов питания, облачной платформы сельского хозяйства, сельскохозяйственного орошения, автоматизации сельского хозяйства. Также были рассмотрены новые проекты по развитию "умной агротехники" в хлопководстве.
По этим направлениям предприниматели региона готовы стать партнерами. Был озвучен ряд инициатив, касающихся развития отрасли легкой промышленности. Обсуждены планы строительства предприятия по производству продуктов питания. Кроме того, инвесторы, присутствовавшие на встрече, намерены профинансировать совместный проект в сфере переработки морепродуктов.
✔️На встрече также была презентована работа научно-исследовательского центра по развитию сети видеонаблюдения и искусственного интеллекта в сфере безопасности.
✔️В ходе деловых встреч с китайскими компаниями были обсуждены пути развития сферы профессионального образования. Глава региона отметил, что для развития технических специальностей будут предусмотрены возможности для установления партнерства.
Пресс-служба акима Туркестанской области