Әсер ету скринингін қарау туралы хабарландыру

Әсер ету скринингін қарау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 55-бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ЭТРМ) стратегиялық экологиялық бағалау (бұдан әрі – СЭБ материалдары)  жүргізу үшін мынадай құжаттар келіп түсті: 

1) «Түркістан облысы Отырар ауданы Шілік ауыл округі Жаңа Шілік және Ескі Шілік, Ақтөбе ауыл округі Ақтөбе ауылы, Қарақоңыр ауыл округі Сырдария ауылы, Аққұм ауыл округі Аққұм ауылы, Балтакөл ауыл округі Көлқұдық ауылы, Талапты ауыл округі Шытты ауылдарын дамыту және құрылыс салу схемасын (оңайлатылған бас жоспарын) әзірлеу жұмыстары (түзету)» жобасы бойынша түсіндірме жазбалар;

2) Графикалық материалдар: «Аумақты қазіргі заманғы пайдалану жоспары (тірек жоспар)» схемалары, «Бас жоспар (негізгі сызба)» схемалары;

3) Түркістан облысы Отырар ауданы Шілік ауыл округі Жаңа Шілік және Ескі Шілік, Ақтөбе ауыл округі Ақтөбе ауылы, Қарақоңыр ауыл округі Сырдария ауылы, Аққұм ауыл округі Аққұм ауылы, Балтакөл ауыл округі Көлқұдық ауылы, Талапты ауыл округі Шытты ауылдарын дамыту және құрылыс салу схемасын (оңайлатылған бас жоспарын) әзірлеу жұмыстары (түзету)» қала құрылысы жобасына жоспарланған қызметтің қоршаған ортаға әсерін скринингке бастамашылық етуге арналған есеп.

Материалдарды әзірлеуші: «KHG Project» ЖШС.

Материалдарға  тапсырыс беруші: Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі. 

Құжаттың экологиялық бөлігін әзірлеуге жауапты: Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі. 

СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруге жауапты уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі. 

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:

1) Бас жоспардың іске асырылуы қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?

2) Бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?

3) СЭБ бойынша есепте құжатты іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?

4) сізде Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2024-2039 ж.ж.

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 2025 жылғы 14 мамырдан бастап 1 маусымға дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2025 жылғы 1 маусым).

Байланыс деректері: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.

Экологиялық саясат департаменті

Тел. 8 (7172) 74-02-83

e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде электрондық түрде эл-ектронды мекен-жайға жіберуге болады. Министрлік Кеңсесінің мекен-жайы: k.kense@ecogeo.gov.kz.

Сіздің құжаттарыңыздың алынғандығы жөнінде, кеңседе +7/7172/74-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылау қажет. 

СЭҚБ бойынша материалдар орналастырылған:

Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.