ҚАРАҚОҢЫР АУЫЛ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

ҚАРАҚОҢЫР АУЫЛ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ
2025 жылы 04 мамырда өткен Қарақоңыр ауыл округі әкімі сайлауының нәтижелеріне сәйкес, аудандық сайлау комиссиясының шешімімен Қарақоңыр ауылдық округінің әкімі болып Олжатаев Шерхан Дәулетбекұлы сайланды.
Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы жаңадан сайланған лауазым иесін Қарақоңыр ауыл округі әкімдігінің активіне таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Кездесуде аудан басшысы ауылдың әлеуметтік - экономикалық дамуын қамтамасыз ету, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтіп, негізгі міндеттерді абыроймен атқаратынына сенім білдірді.
Қарақоңыр ауыл округі әкімі сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 1658 азамат енгізілді, олардың ішінде 1069 азамат дауыс беруге қатысып, өз таңдауларын жасады. Жиын барысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нурлан Жубаев куәлік табыстады.
Олжатаев Шерхан Дәулетбекұлы 1 сәуір 1992 жылы Отырар ауданы, Қарақоңыр ауыл округі, Ш.Қалдаяқов ауылында туылған.
Білімі жоғары, 2013 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтын информатика, 2016 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін экономика мамандықтары бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 2013 жылы Шымкент қаласындағы “Еuroharma” ЖШС-нің операторы болып бастаған. 2016-2021 жылдары Отырар ауданы Қарақоңыр ауыл округі әкімі аппаратының бас маман-іс басқырушысы, 2021-2023 жылдары Қарақоңыр ауыл округі әкімі аппаратының бас маман-әлеуметтік қызметкері, 2023 жылдан осы уақытқа дейін Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бас маманы қызметін атқарып келген.