Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» бойынша азаматтардың әлеуметтік көмек алуына қатысты құжаттарды рәсімдеу қызметтері туралы «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара әлеуметтік көмек алу және оның түрлерін қандай жағдайда құқығын білдіріп қызмет көрсетілетіні азаматтарға түсіндіруге және мемлекеттік қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді. Проблемалық мәселелер және оларды шешу мүмкіндіктері талқыланды.
Келген қызмет алушыларға алатын қызметі туралы және қажетті құжаттардың керектігі туралы түсіндірме кеңес берілді.
Сонымен қатар, азаматтарды қабылдау барысында Өз үйіндегі интернет немесе ауыл округі әкімі аппараттарында орналасқан «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышындағы» арқылы электронды түрде
eGov.kz порталы және eGov mobile қосымшасы арқылы мемлекеттік қызмет алу жолдары көрсетіліп түсіндіріліп кеңес берілді.