Ауданда тұрғындарды толғандырған қоғамдық көлік және такси қызметіне қатысты мәселелер оң шешімін табуда.
Аудан орталығына жолаушыларды тасымалдау қызметін жүргізетін «Мұхтарәлі» ЖШС-і тарапынан қоғамдық маршрут ауданішілік 3-бағыттарға қатынауда.
Атап айтар болсақ;
Мыңшұқыр - Шәуілдір - Темір – Мыңшұқыр,
Шәуілдір - Көкмардан - Шәуілдір,
Шәуілдір - Талапты - Шәуілдір ауылдарында тұрақты маршруттар жолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде.
Осылайша күніне әр сағат сайын айналым жасау арқылы ауыларалық елдімекен тұрғындарын көздеген жеріне дейін тасымалдауда.
Сәуір айының соңына дейін қосымша 9 бағытта қоғамдық көлікпен жолаушы тасымалын ұйымдастыру жоспарлануда.