ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА БОЛАДЫ

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА БОЛАДЫ
Аудан әкімінің орынбасары Тоқсейіт Елекеевтің төрағалығымен жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы еңбек шарттары мен еңбек қауіпсіздігін сақтау шаралары тақырыбында жиын өтті.
Жиынға мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Ибадуллаев, Түркістан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы Ж.Қожамбеков және аудандағы жұмыс беруші инсвестициялық компания өкілдері қатысты.
Жиында мамандар жалпы жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы еңбек шарттары, дискриминацияға жол бермеу, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі, еңбек жағдайлары, экологиялық төлемдер, жұмыскерлерге артық жұмыс істету және қосымша ақы төлемеу жағдайлары бойынша шетелдік инвестор өкілі мен агроөнеркәсіптік кешенде жұмыс істейтін жұмыскер азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп өтті.
Жиын барысында агроөнеркәсіп кешеніндегі жұмыскерлер тарапынан еңбек шарттары қолдарына берілмегендігі, экологиялық төлемдердің төленбеуі, артық жұмыс атқарып жүргендері, медициналық қызметтің жоқтығы туралы мәселелері туралы сұрақтар көтеріліп, тиісті сала қызметкерері тарапынан жауаптар берілді. Ал, жұмыс беруші тарапынан агроөнеркәсіптік кешенде жұмыс жасайтын қызметкерлерді арнайы тіркелген жеке кәсіпкерліктер арқылы жұмысқа қабылдау туралы ұсыныстары айтылды.
Жиында аудан әкімінің орынбасары Тоқсейіт Артықбайұлы айтылған ұсыныс-пікірлер назарға алынып, заң аясында тиісті жұмыстар атқарылатыны туралы атап өтті. Сондай-ақ, жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігі және еңбек жағдайларын жасау мәселелері тиісті сала басшыларының ұдайы бақылауында болатынын жеткізді.