ОТЫРАРДА “ЖАСЫЛ АЙМАҚ” АПТАЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ОТЫРАРДА “ЖАСЫЛ АЙМАҚ” АПТАЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Отырар ауданында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Аталған шара барысында тұрғындар Отырар ауыл округіне қарасты Мөлке Шойманов ауылындағы саябақтың айналасын қоқыстардан тазарту, жолдың жиектеріндегі қоршауларды сырлау, төңіректі арамшөптерден тазарту, ағаштарды ақтау, топырақ түбін қопсыту жұмыстарына белсене атсалысты.
Туған өлкеміздің ауасының таза болуы жайқалып,жайнап тұруы біз үшін басты міндет әрі борыш дейді ауыл тұрғындары.
Алдағы уақытта “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» апталықтары мамыр айының соңына дейін жалғасын табатын болады.