1 май – День единство народа Казахстана!

1 май – День единство народа Казахстана!

Ардақты ағайындар!

    Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

    Тамырын тереңге жайған тылсым тарихқа шегініп қарасақ ынтымақ пен бірлік, татулық пен тұрақтылық қазақ халқының асыл армандарының көш басында тұрды. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманды аңсаған бабаларымыз «Бірлік – берекеге, береке – мерекеге жеткізеді», - деп бекер айтпаса керекті.

    Бұл мереке - барлық ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының, бейбіт өмірдің рәмізі. Ал, бейбітшілік пен тұрақтылық және ұлтаралық келісім -мемлекетіміздің ең басты негізі, рухани байлығы болуда.

    Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында сөйлеген сөзінде «Біз – бір елміз және жалғыз Отанымыз бар. Әрқайсымыздың тағдыры - Қазақстан тағдырына байланысты» деген Елбасымыз «Біз «Бірлігі жоқ елдің – болашағы жоқ» деген халық даналығына сәйкес өмір сүріп, Отанымыз – Қазақстан Республикасын нығайтудамыз» деген болатын. Іргесі шайқалмаған елімізде береке-бірлігіміз бен қол жеткізген

    Жетістігімізді бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек       ету - әрбір Қазақстан азаматының міндеті.


Қадірлі отырарлықтар!

    Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, ұзақ ғұмыр, еңбектеріңізге толағай табыстар тілеймін.
Егемен еліміздің әлемдік айбыны мен абыройы асқақтап арта берсін.

 

Құрметпен,
Отырар ауданының әкімі Ә.Жүнісов