
Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің салық төлеу процесін жеңілдету үшін жүргізілген жұмыс нәтижесінде 2020 жылдың 1 қаңтарында «Салық әмияны» тетігі іске қосылды. Бұл – бір шоттан төлем қабылдау және өңдеу қызметі, салық төлеушінің өтінішінсіз онлайн режімде есепке алу жүйесі.
Көптеген азамат салық төлеуде қиындықтарға тап болады. Мысалы, салық төлеуші өзіне қажет мыңнан астам деректеменің төртеуін – БСК, СТК, бенефициардың БСН және сомасын көрсетуі керек болса, олардың біреуінің дұрыс көрсетілмеуі бюджетке төлемнің дұрыс аударылмауына, сәйкесінше айыппұл мен өсімпұлға себеп болатын. Енді Қаржы министрлігінің жүйелі жұмысының арқасында салықты балама түрде «Салық әмиянын» толтыру арқылы төлеуге болады. Бұл қызмет салық төлеушіге оның ағымдағы және алдағы бюджеттік міндеттемелері туралы ақпарат береді. Салық төлеудің деректемелері салық төлеуші көрсетпей-ақ автоматты түрде толтырылады, бұл салықтың кепілді жеткізілуін қамтамасыз етеді.
Осылайша, жаңа қызмет бұған дейін қолданылған борыштық төлемдер немесе алдағы төлемдер бойынша қызметтерге қарағанда, қаражаттарды жалпы мәліметтермен толықтыруға, «салық әмиянының» балансынан автоматты түрде ақша аудару опциясын қосуға және төленгені жөніңде хабарлама алуға мүмкіндік береді. Салық әмиянының мобильді нұсқасы ҚР ҚМ МКК e-Salyq мобильді қосымшасының платформасында жұмыс істейді, сонымен қатар электрондық үкімет порталында ( egov.kz ) және желтоқсан айының соңынан бастап «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Homebank) мобильді қосымшасында, сонымен қатар, Kaspi.kz мобильді қосымшасына енгізілетін болады.
Отырар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы