ОТЫРАР АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

ОТЫРАР АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Сатыбалды Дархан Амангелдіұлының Отырар ауданының тұрғындарымен кездесуі 2023 жылы 10 наурыз сағат 10.00-де Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы, Мәдениет сарайында өтеді. Сонымен қатар облыс әкімінің жеке қабылдауы 2023 жылғы 10 наурыз сағат 11.00-де Шәуілдір ауылы, Мәдениет сарайында өтеді.

Қабылдауға алдын-ала жазылу 8(72533) 5-98-99 байланыс телефоны және t.akimat@ontustik.gov.kz электронды почта арқылы 2023 жылғы 9 наурызға дейін сағат 9-00 ден 18-30 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00-14.30 дейін) жүргізіледі.

Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почтасы (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.