МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР АРАСЫНДА «QYZMET CUP» АУДАНДЫҚ ЛИГА БАСТАУ АЛДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР АРАСЫНДА «QYZMET CUP» АУДАНДЫҚ ЛИГА БАСТАУ АЛДЫ

Ауданымызда дене шынықтыру және спорт саласына айрықша көңіл бөлінгенін жекелеген лигалар, спорттық жарыстардың жиі өткізілуінен байқауға болады. Әсіресе соңғы жылдары жасөспірімдер мен ересектер арасындағы аудандық Лига ойындары тұрақты өтуде.

Бүгін «Отырар» спорт клубының ұйымдастыруымен ауданымызда мемлекеттік мекемелер арасында кіші футболдан «QYZMET CUP» біріншілігі бастау алды.

Жалпы 300-ге жуық қызметшілер қатысқан біріншіліктің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов сөз сөйлеп, «Ауданымызда мемлекеттік мекемелер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға тарту, достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында өз бастауын алған кіші футболдан аудандық біріншіліктің салтанатты түрде ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Спорт – мемлекеттің мәртебесін, ұлттың намысын айқындайтын көрсеткіш. Осы орайда, халықаралық аренада Қазақстан спортының беделі жыл санап көтеріле түскенін аңғара аламыз. Соңғы жылдары ауданымызда бой көтерген зәулім спорт ғимараттары, ауданымызда да ірі облыстық, республикалық жарыстарды өткізе бастағанымыз әлемдік спортқа бәсекелі бола бастағанымызды да аңғартады»-дей келе сайысқа қатысушы барлық коммандаларға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, бұл аудандық Лиганың өзге жарыстарға қарағанда ерекшелігі ұзақ мерзімге созылады. Яғни, жарыс қатысушылары айналмалы түрде әр апта сайын жұмыс уақытынан тыс уақытта бір-бірімен кездесу ойындарын өткізеді.