ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ауа райының күрт жылынуы мен таулы аудандардағы жауын-шашын мөлшерінің артуынан Арыс, Сырдария өзендерінде ағын су деңгейінің көтерілуі қауіпі күтілуде.

Осыған байланысты су тасқынының алдын-алу жұмыстарын пысықтау мақсатында аудан әкімі С.Сұлтанханов шұғыл түрде штаб отырысын өткізді. Штаб отырысына аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл округі әкімдері мен тиісті сала басшылары қатысты.

Жиын барысында Арыс, Сырдария өзендері бойларына жақын орналасқан елдімекендердің жай-күй талқыланып, тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз ету мақсатында тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, аудан басшысы аудандағы атқарылып жатқан жұмыстар тікелей өзінің бақылауында болатындығын жеткізді.