АУДАН ӘКІМІ ҚАРАҚОҢЫРЛЫҚТАРҒА ЕСЕП БЕРДІ

АУДАН ӘКІМІ ҚАРАҚОҢЫРЛЫҚТАРҒА ЕСЕП БЕРДІ

Бүгінгі күнге жоспарланған аудан әкімінің ауыл округтеріндегі есеп беру жиыны ән падишасы, көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың есімі берілген ауылда қорытындыланды.
Аудан әкімі Әбдіғали Жүнісовтің 2019 жылы атқарған жұмыстары туралы есебін қарақоңырлықтар арнайы дайындалған бейнесюжет арқылы тамашалады.
Ш.Қалдаяқов ауылында соңғы жылдары үйіргелік жерлердегі жылы жай шаруашылықтары жақсы жолға қойылып келеді. Атап айтқанда ауыл тұрғ
ындары Нәби Сыздықов пен Оңал Қошқаров үйіргелік жерлерінен көлемі 0,21 га жерге жылыжай орналастырып, алғашқы өнімдерін де алып үлгерген. Сонымен қатар осы жылы мемлекет тарапынан қабылданған бағдарламаларды іске асыру жұмыстары өз дәрежесінде жүзеге асуының арқасында ауыл округінде мал басы санының артқаны байқалады. Мәселен, биылғы жылы мал басының барлық түрінен өсім болып 4127 бас мүйізді ірі қара мал, 1942 бас жылқы, 51515 бас уақ мал, 1415 бас түйе есепке алынған.
2019 жылы Ш.Қалдаяқов ауылы мен Қарақоңыр ауылына газ құбырын тарту жұмыстар толық аяқталып, қазіргі таңда әрбір үйге газ тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ауыл округіндегі Арыс елдімекенінде ауыз су тарту жұмыстары жүргізіліп, ел игілігіне берілген. Сондай-ақ Қарақоңыр темір жол бекетіне кіре беріс көшесі мен Ш.Қалдаяқов ауылындағы Салтанат көшесіне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілген.
Мұнан соң, аудан басшысы тұрғындарға 2020 жылы атқарылатын ауқымды жұмыстарға тоқталды. Кездесу барысында аудан басшысы Әбдіғали Жүнісов тұрғындарды толғандырған сауалдарға нақты жауап берді.
Жиын соңында ауыл тұрғындары аудан әкімінің 2019 жылғы атқарған жұмыстарына өте жақсы деген бағасын беріп, ауыл қариялары алдағы жұмысына сәттілік тіледі.