ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті мемлекеттік қызмет алушы!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.

Онлайн сауалнамада қолданушылар төмендегі бағыттар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына өз бағасын береді.  Сауалнамаға https://m.egov.kz/survey/ сілтемесі арқылы кіруге мүмкіндік бар.

  1. Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 сотық жер) алуға кезекті қарау немесе кезекке тұру;
  2. Салымшы қаржысының түсуі және қозғалысы туралы ақпаратты беру;
  3. Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландыру орталықтарын тіркеу куәлігін беру (электрондық цифрлық қолтаңба)

Сауалнама арқылы тек алынған қызметтердің сапасы туралы тұрғындардың пікірі маңызды екенін және  Сізден алынған барлық ақпарат ҚҰПИЯ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫНДЫҒЫН хабарлаймыз.