САЙЛАУШЫЛАР ТІЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

САЙЛАУШЫЛАР ТІЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылға арналған электораттық оқытудың күнтізбелік жоспарының 3 пунктіне сәйкес, 2022 жылғы 18 наурыз күні сағат 10.00 де Отырар аудан әкімшілігінің мәжіліс залында АСК, УСК мүшелері және аудан әкімі аппаратының сайлаушылар базасына жауапты қызметкері М.Кизбаевтың қатысуымен ЖТМДҚ және «Сайлау» ААЖ базасында бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, сайлаушылар тізімін қалыптастыру бойынша семинар өткізілді.

         Семинар- кеңес соңында оның қатысушыларына сайлау заңнамасы және оның талаптарын қолдану бойынша сауалдар қойылып, отырыста көтерілген мәселелерді игеру деңгейі пысықталды, учаскелік сайлау комиссиялары мүшелері тарапынан берілген сауалдарға Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссия төрағасының орынбасары Т.Құлымбетов нақты жауаптар берді.