АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ОНЫНШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ОНЫНШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Жетінші сайланған Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс оныншы сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов, ауыл округтерінің әкімдері, бөлім мен мекеме басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияның күн тәртібінде Отырар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы №64/295-VI «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу және бір топ азаматқа «Отырар ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы мәселелер қаралды.

Жиында бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Асқар Көлбай баяндаса, екінші мәселені аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдос Құлмаханов атап өтті. Аталған мәселелер депутат Әділжан Құртаевтың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мен әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссиялардың бірлескен отырысында әбден пысықталып, талқыланды.

Аудандық мәслихат хатшысы Мырзахан Манапов ашып, жүргізіп отырған сессия жұмысында депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді бірауыздан қабылдап, шешім шығарды.

Жиын соңында сөз алған аудан басшысы депутаттық корпусты алда келе жатқан еліміздің айтулы мерекелерімен құттықтап, алдағы ауқымды жұмыстарды ынтымақ пен бірліктің арқасында еңсере беретініне сенім білдірді.