ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ

Бүгін аудан әкімінің өкімімен Отырар ауданы әкімінің орынбасары болып Оралбай Ержан Асанұлы тағайындалды. Жаңа басшыны аудан активіне аудан әкімі Ә.Жүнісов таныстырып, бастап жатқан қызметіне сәттілік тіледі.

Оралбай Ержан Асанұлы 1971 жылы 5 шілде айында Отырар ауданы Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Тоқыма жеңіл өнеркәсібі және тұрмыс қажетін өтеу кәсіпорындарының машиналары мен аппараттары, инженер-механик және мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтарын бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы «Құрмаш» шаруа қожалығының жұмысшысы болып бастаған;

1995-1997 жылдары аудандық ДОСААФ комитетінің жұмысшысы, «Жанболат» кіші кәсіпорынның төрағасы.

1997-1998 жылдары Отырар ауданы әкімі аппараты жалпы бөлімінің бас маманы.

1998-1999 жылдары Отырар ауданы әкімі аппараты ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Отырар ауданы әкімі аппараты аумақты дамыту және кадрлар бөлімінің инспекторы.

1999-2005 жылдары Отырар аудан әкімшілігі спорт, дене тәрбиесі және ішкі саясат бөлімінің бастығы.

2005-2006 жылдары Отырар ауданы әкімі аппараты әкімшілік бөлімінің бастығы.

2006-2010 жылдары Отырар аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы.

2010-2013 жылдары Отырар аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі.

2013-2019 жылдары Отырар аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.

2019 жылдан бүгінгі күнге дейін Отырар аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

Отбасылы, екі ұл, бір қыздың әкесі.

Осы ретте жаңа басшыны жаңа қызметімен құттықтап, алдағы атқарар жұмыстарына сәттіліктер тілейміз!