ЗАҒИП ЖАНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ЗАҒИП ЖАНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жер бетіндегі қалың жұртшылыққа өз Тәуелсіздігін жариялағанына биыл ширек ғасыр толып отырған еліміздің Ата заңымыздың алғашқы жолының өзі мемлекетіміздің ең басты байлығы адам және оның өмірі мен денсаулығы екендігі ерекше атап көрсетілген. Осыған сәйкес еліміздегі әрбір адам оның ішінде мүмкіндігі шектеулі қамқөңіл жандар да назардан, қамқорлықтан тыс қалған емес.

Осының нақты дәлеліндей бүгін «Алтынай әже» дәмханасында зағиптардың дүниежүзілік күні әрі Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейлі мерекесіне орай ауданымыздағы зағип жандарға арнайы дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.

Бүгінгі іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов ашып, шараның өтуіне демеушілік жасаған кәсіпкер азаматтарға алғыс хаттар табыс етілді.

Осы қайырымды істің ұйытқысы болып, басы-қасында жүрген аудандық зағиптар қоғамының төрағасы Пернехан Ахаев жиналған қауымды Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесімен құттықтап, демеушілік көрсеткен барша қайырымды азаматтарға алғыс сезімін жеткізді.