МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агентігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Еркебұлан Нуриддинов Отырар ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекеме басшыларымен кездесу өткізді.

Жиында Еркебұлан Нуриддинұлы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапалы орындалуы, мемлекеттік қызметшілердің әдеп мәселесі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыттарында ой өрбітіп, жаңашыл ұсыныстарымен бөлісті.

Мемлекеттiк қызмет – бұл барлық мемлекеттiк басқаруды ұйымдастыруда жетекшi рөлге ие, ең маңызды тетiктердiң бiрi.  Осы мәселелерге айрықша тоқталған Е.Нуриддинов «мемлекеттiк қызметшiнiң моральдық бет-бейнесi мен этикасына көңiл бөлiнуiнiң себебi – оның iскерлiгiн ғана емес, айналасындағыларға деген құрметi мен iзетiн де жетiлдiруде. Себебi, мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiмi мен бiлiктiлiгiне және жүрiс-тұрысына қарай қазiргi қоғамда халықтың атқарушы билiк жайлы көзқарасы мен оған деген сенiмi қалыптасатыны да белгiлi» деп атап өтті.

Мекеме басшыларының пікірлерін тыңдай келе, туындаған сауалдарға тұшымды жауап қайырған сала маманы барша әріптестерін егемен еліміздің өркендеуі жолында аянбай еңбек етуге шақырды.