БҮКІЛӘЛЕМДІК СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

БҮКІЛӘЛЕМДІК СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Отырар ауданында «World Cleanup day 2021»/«Birge – taza Qazaqstan» бүкіләлемдік сенбілік акциясы жүргізілді.

Бүгінгі экологиялық акция шеңберінде аудан аумағын санитарлық тазалау, көшелерді, тротуарларды қоқыстан және тұрмыстық қалдықтардан тазарту және т.б. мақсатта «World Cleanup day 2021» ұранымен өткізілген жалпыәлемдік сенбілікке Отырар ауданының барлық мекеме ұжымдары белсене қатысты.

Сенбілікке қатысушылар қажетті мөлшерде құрал-саймандармен, қоқысты жинауға арналған қапшықтар және қолғаптар, қоқыс тасымалдаушы арнайы техникалармен ауданның санитарлық жағдайын жақсарту, көріктендіру жұмыстарымен қатар ауданның сырт көрінісіне де ерекше көңіл бөлу сияқты ауқымды жұмыстар жүргізілді.