2021 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды. Тәуелсіздік алған сәттен бастап елімізде халық санағы үшінші рет өтеді.
Бүгін аудандық ішкі саясат бөілімінің ұйымдастыруымен халық санағын ақпараттық қолдау мақсатында бөлім қызметкерлері мен ерікті жастардың қатысуымен «Халық санағына» аудан тұрғындарын хабардар ету үшін халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарда арнайы парақшалар тарқатылып, түсіндірме жұмыстары жүргзілді.
«Шара алғаш рет цифрлық технологияларды қолдану арқылы өтпек. 1 қыркүйектен 15 қазанға дейінгі аралықта sanaq.gov.kz сайтында онлайн режимде халық санағынан өтуге болады. Сайт 24 сағат бойы қол жетімді»,- деп хабарлады Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов.
Халық санағы – белгілі бір уақыт шеңберінде бүкіл елдің халқының немесе оның бір бөлігінің демографиялық, экономикалық, әлеуметтік сипаттағы ақпаратын жинау, өңдеу, жариялау, тарату мақсатындағы жалпымемлекеттік статистикалық шаралар.