Аудан әкімі Қарғалы ауыл округінде

Аудан әкімі Қарғалы ауыл округінде

Ағымдағы жылдың 24 шілде күні Отырар ауданы әкімі Ә.Жүнісов Қарғалы ауыл округінде болып, дихандардың атқарып жатқан жұмыстарымен және ағын су мәселесі жөнінде танысып қайтты.

Сонымен қатар кездесуге аудан әкмінің орынбасары, ауылшаруашылық бөлімінің басшысы, және тиісті мамандары тартылып, жергілікті халықпен кездесті. Ондағы мәселе биылғы жылы егіс еккен шаруалармен жолығып, келіп жатқан ағын суды үнемді пайдаланса барлық егістіктерге жететіндігі айтылды.

Кездесу барысында сала мамандары өз қызметтерінің бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, шаруаларға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен заңдылықтарды айтып өтті.

Жыл сайын ағын су мәселесінен шаруалар қауымы зардап шегіп келген болатын. Аудан басшысы соңғы жылдардағы бірқатар каналдар күрделі жөндеуден өтудің нәтижесінде және Қоғам, Қарғалы ауылдық округтерінде Сырдария өзенінің кері тепкісінен «Д.Алтынбеков» каналына қосымша су беретін «Қызыл – Ту» насос станциясына 6–дана СНП – 500 электрлі насостары іске қосылып ауыл шаруаларына ағын су рет-ретімен беріліп жатқандығын жеткізді.