АУДАНДА ЖАППАЙ СЕНБІЛІК ӨТТІ

АУДАНДА ЖАППАЙ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Бүгін аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Таза ауа – жанға дауа» атты жаппай сенбілік өтті.

Сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері және аудан тұрғындары бір кісідей атсалысты. Одан бөлек қажетті техникалар да жұмылдырылды. Нәтижесінде жол жиектері және арық жүйелері қатты қалдықтардан, арам шөптерден тазартылып, арнайы техникалардың көмегімен бірнеше тонна қоқыс шығарылды.

Сенбілікті ұйымдастырушылар бұл шара алдағы уақытта да жалғасын табатындығын айтты.