АУЫЛ ӘКІМДЕРІ САЙЛАНДЫ

АУЫЛ ӘКІМДЕРІ САЙЛАНДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес, 25 шілде күні егеменді еліміздің тарихында тұңғыш рет қала, кент және ауылдық округ әкімдерін халық тікелей өздері сайлады.

Отырар ауданында Аққұм, Ақтөбе, Балтакөл, Көксарай, Қарғалы, Маяқұм, Отырар ауыл округтерінде сайлау өткен болатын.

Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде басым дауыспен жеңіске жеткен Аққұм ауыл округінің әкімі Әлішері Серік Бегалыұлы, Ақтөбе ауыл округінің әкімі Тайгелтір Исахан Әлібекұлы, Балтакөл ауыл округінің Ателов Сейтхан Айдарханович, Көксарай ауыл округінің әкімі Ташов Ермек Қалашұлы, Қарғалы ауыл округінің әкімі Жұмабек Еркеғали Жұмабекұлы, Маяқұм ауыл округінің әкімі Иманов Берікбай Нұржігітұлы, Отырар ауыл округінің әкімі Үсетов Дінмұхамед Беделханұлдары сайланды.

Жаңа сайланған әкімдердің алдағы жұмысына сәттілік тілейміз.