
Егер сіз микро-, шағын кәсіпкерлік субъекті санатына жатсаңыз және бизнес-жобаңызды жүзеге асыруға 20 млн теңгеге дейін қаржы қажет болса, «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы (1-бағыты) аясында қолдау алыңыз.
Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша жылына 6%-бен (субсидия есебінен) несие алып, банк талап еткен кепіл затыңыз жетпеген кезде «Даму» Қорының кепілдігін пайдаланыңыз. Бағдарламаның артықшылықтары көп. Мысалы:
Бизнестің саласына шектеу жоқ
Қор өтінімді қысқа уақытта қарастырады
ЕДБ/МҚҰ және Қорға аз құжат өткізесіз
Бағдарлама аясында субсидиялау шарттары:
Максимал сома:
инвестицияға - 20 млн тгдейін
айналым қаражат ынтолықтыруға - 5 млн тгдейін
Сыйақы мөлшерлемесі – субсидия есебінен 6%
Субсидия мерзімі:
инвестицияға – 3 жыл
айналым қаражатын толықтыруға - 2 жыл
Бағдарлама аясында кепілдік алу шарттары:
Максимал сома:
инвестицияға - 20 млн тг
айналым қаражатын толықтыруға - 5 млн тг
Кепілдік көлемі: несие сомасының 85%-ы
Мерзімі: несие мерзімінен аспайды
«Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы (1-бағыты) аясында субсидия/кепілдік алуды қадам-қадам бойынша түсіндірер болсақ:
Портфель субсидия/кепілдігін алу үшін кәсіпкер:
1) ЕДБ/МҚҰ-ға қаржыландыру сұрап өтінім береді.
2) Жобаны кешенді түрде сараптамадан өткізген соң ЕДБ/МҚҰ тарапы оң шешім шығарса – «Даму» Қорына несие шарты мен қабылданған шешім жайлы ескерту-хатты жолдайды
3) Содан кейін Қор кепілдік міндеттемесін ұсынып, банк-кәсіпкер-Қор арасында субсидия жайлы үш жақты шарт жасалады.
Бағдарлама шарттары мен толығырақ танысу үшін Қордың сайтына https://damu.kz/programmi/ сілтемесі бойынша кіру керек. Сондай-ақ қосымша сұрақтар болған жағдайда 1408 қысқа нөміріне қоңырау шалуға болады.
⠀«Даму» Қоры. Біздің қолдауымыз – Сіздің дамуыңыз!