ПРЕЗИДЕНТ КӨМЕКШІСІНІҢ АУДАНЫМЫЗҒА САПАРЫ

ПРЕЗИДЕНТ КӨМЕКШІСІНІҢ АУДАНЫМЫЗҒА САПАРЫ

Бүгін ауданымызға ҚР Президентінің көмекшісі-Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Тамара Дүйсенова арнайы іс-сапармен келіп, үстіміздегі жылдың бірінші шілдесінен бастап қолданысқа енгелі отырған ҚР Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің ереже-талаптары жөнінде жиналған жұртшылыққа кең көлемде жан-жақты түсініктеме беріп, бұл мәселеге байланысты қойылған сауалдарға тұщымды жауаптар қайтарды.

Президент көмекшісінің бірнеше министрліктердің жауапты қызметкерлерін ерте келген мазмұнды жиынды аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов ашып, өткізіліп отырған жиынның ең басты көздеген мақсаты Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» деген орынды талабы мен тапсырмасына сәйкес оңды тірліктерді жүзеге асыру екендігіне ерекше тоқталып өтті.

Күшіне енгелі отырған аталмыш кодекске байланысты сауалдарға Тамара Қасымқызымен бірге жиынға қатысып отырған ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Бақыт Шалқарұлы Әбішев пен облыс әкімінің орынбасары Ұлан Қалмұханұлы Тәжібаев та түсінікті түрде тұщымды жауаптарын берді.

Мазмұнды жиынды қорытындылаған аудан басшысы Ә.Жүнісов ауданымызға арнайы келіп, шілде айынан бастап өмірге жолдама алғалы отырған кодекске қатысты жан-жақты түсінік берген Т.Дүйсенова мен өзге де құрметті қонақтарға шынайы алғысын айтып, жауапты қызметтеріне табыс тілеген жылы лебіздерін білдірді.