ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ ЖАҢА ҒИМАРАТТА ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

ТЕСТІЛЕУ  ОРТАЛЫҒЫ ЖАҢА ҒИМАРАТТА ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

Ағымдағы жылғы 4 мамырдан бастап тестілеу орталығы облыс орталығында жаңадан бой көтерген, заманауи үлгіде жабдықталған төрт қабатты әкімшілік-іскерлік ғимараттың «В» бөлігінің 2-қабатында қызметін жалғастыратын болады.

Ғимаратта мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы автотұрақ, пандустар, жүріп тұру үшін қолайлы біркелкі тегіс едендермен жабдықталып, жеделсаты орнатылған.

Атап өту қажет, тестілеуге «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымына және құқық қорғау органдарына алғаш кіретін азаматтар қатыса алады.

Тестілеу орталығы мереке күндерді қоспағанда аптаның дүйсенбі – жұма күндері сағат 09:00-дан 18:30-ға дейін 

(түскі үзіліс 13:00-ден 14:30 аралығы) жұмыс жүргізеді.

Қосымша ақпараттарды 8/72533/59721, 59481 байланыс нөміріне хабарласу арқылы біле аласыздар.