СОТТАЛҒАНДАРДЫ ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСҚА ТАРТУДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ТƏРТІБІ

СОТТАЛҒАНДАРДЫ ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСҚА ТАРТУДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ТƏРТІБІ

Сотталғанда тағайындалатын жазаның бір түрі қоғамдық жұмыстарға тарту болып табылады. Аталған бағыттағы жұмыстарға тартылған азаматтардың басым көпшілігі мəдени жəне қоғамдық орындарды тазалауға жұмылдырады.

Соттың шешімімен осындай жазаға тартылған адамдардың негізгі жұмысы, жеке кəсібі болса немесе оқу орындарында оқып жатса тəулігіне 4 сағат қоғамдық жұмыс істейді. Ал, егер олардың қолдары бос болып, тұрақты жұмысы болмаса тəулігіне 8 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа жегілуі мүмкін. Бұл адамдардың жұмысы тегін ақысыз дене күшімен жасалады. Оларға негізінен тағайындалатын жұмыстар - көше тазалау жəне безендендіру. Сондай-ақ, жазда қоқыс жинауға, қыста қар тазалауға да тартылады.

Бас бостандығын шектеудің баламасы ретінде енгізілген мұндай жазаға мойынсұнбайтындар да кездеседі. Сот белгілеген міндеттерді орындамағаны, тəртіп бұзғаны үшін жергілікті пробация қызметі сотқа ұсыным жаза отырып, тағайындалған қоғамдық жұмысы белгілі бір мерзімге қамаққа алумен ауыстырылуы мүмкін.

Алайда істеген ісін мойнымен көтеріп, қоғам үшін пайдалы жұмыс жасауға ниетті азаматтар аз емес. Сотталған азаматтың өзіне жүктелген міндеттерін толығымен орындап, белсенділік танытуынан байқауға болады.

Қорыта келе, жасаған қылмысының жазасын өтеу үшін қандай да болмасын қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысқандар арасынан «қоғамның керегіне жарап, ауданның, ауылдың тазалығына үлесімді қосып жатқанымды медет қыламын» деп, деген пікір айтушылар да кездеседі.

Кәрім Тұрсынбай, Отырар аудандық ПҚ бөлімшесі бастығының м.а. əділет аға лейтенанты