ЖАУЫРЫНЫ ЖЕРГЕ ТИМЕГЕН ҚАЗАҚ ПАЛУАНЫ

ЖАУЫРЫНЫ ЖЕРГЕ ТИМЕГЕН ҚАЗАҚ ПАЛУАНЫ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойларына арналған еркін күрестен 2006-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнирдің ашылу салатанаты өтті.

Бұқаралық спортты дамытуға, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған шарада аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппақұлов пен Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының орынбасары Айтмахаметәлі Бердашев құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы жас палуандарға сәттілік тіледі.

Мұнан соң еркін күрестен аға жаттықтырушы Ержан Мұсабаев жарыстың өткізілу ережесін түсіндіріп, көрсетілген талаптарды сақтауға шақырды.

Сайдың тасындай іріктілген жас палуандар бәсекесіне облысымыздың барлық аудандарынан бөлек Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласынан келген спортышлар қатысты.