МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ КӨТЕРІЛГЕН ЖИЫН

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ КӨТЕРІЛГЕН ЖИЫН

Бүгін аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Айдос Мәуленнің төрағалығымен  Әдеп нормаларын сақталу барысы туралы жиын болып өтті.

Дербес бөлімдер, ауыл округі әкімдері мен автокөлік жүргізушілерінің қатысуымен өткен жиынның күн тәртібіне сәйкес мемлекеттік мекеме теңгеріміндегі қызметтік автокөліктерді пайдалану барысы қаралды.

Ашық форматта өткен жиын барысында автокөлік жүргізушілері өздерінің толғандырып отырған мәселелері бойынша ұсыныстарын ортаға салып, ой бөлісті.

Жиын қорытындысымен бірқатар ұсыныстар енгізген Айдос Қалдыбайұлы Әдеп кодексінің талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға және мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға шақырды.