ОБЛЫС ӘКІМІ ОТЫРАР ӨҢІРІНДЕ

ОБЛЫС ӘКІМІ ОТЫРАР ӨҢІРІНДЕ

Бүгін Түркістан облысның әкімі Өмірзақ Шөкеев киелі Отырар өңірінде арнайы жұмыс сапарымен болды. Сапар барысында аймақ басшысы аудан көлеміндегі атқарылуға тиісті көптеген ауқымды міндеттерге жіті көңіл бөлумен бірге аудан аумағында су тасқынының қаупі туындаған жағдайда халықты және үй жануарларын эвакуациялау бойынша оқу-жаттығудың тәжірбиелік іс-шаралардың өткізілу барысына айқын басымдық берді. Облыс басшысы Көксарай ауыл округінің Шенгелді елді мекенінде болғанда қауіпті су тасқынының алдын алу мақсатында Маяқұм бас тоспасының басындағы атқарылып жатқан нәтижелі жұмыстардың, қажетті техникалар мен құрал-жабдықтардың дайындығы барысымен жете танысып, аудан әкімі Ә.Жүнісовтің бұл жөніндегі есебіне қанықты. Кез келген төтенше жағдайға, орын алуы мүмкін оқыс оқиғалардың алдын алып, әрдайым сақадай сай болу қажет екендігін ескерткен аймақ басшысы тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов пен су қаупіне қатысты тікелей жауапты болып табылатын салалар мен басқармалардың басшылары, Арыс, Шардара, Қазығұрт, Төлеби аудан, қалаларының әкімдері қатысқан сарап барысында облыс аумағындағы Сырдария өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты орын алуы ықтимал төтенше жағдайдың алдын алу бойынша іске асырылатын шаралар туралы да тиісті сала басшыларының хабарламалары тыңдалды.

Ауыл округінің орталығындағы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде халықты және тұрмыстық мүліктерді эвакуциялық қабылдау бекетінің жұмысына қатысты халықты, тұрмыстық мүліктерді орналастыру, ыстық тамақ, киім-кешекпен қамтамасыз етудің жай-күйімен жете танысқан Ө.Шөкеев бұл тұрғыдағы өзіндік ой-пікірлерін ортаға салып, әлі де іске асырылуға тиісті тірліктерді әрқашан қаперде ұстау қажет екендігін ескертті.

Жалпы алғанда облыс басшысының бұл сапары отырарлықтар үшін жұмысты одан әрі жандандырып, олжалы, пайдалы болды десек қателеспейміз.