СОТТЫ БОЛҒАН АЗАМАТТАР ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСҚА ЖҰМЫЛДЫРЫЛУДА

СОТТЫ БОЛҒАН АЗАМАТТАР ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСҚА ЖҰМЫЛДЫРЫЛУДА

2020 жылдың 29 қазан күні өткен ҚР Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде бірқатар мәселелер талқыланды. Жиында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында сотталғандардың жазасын өтеу барысын қоғамдық жұмысқа тарта отырып, халыққа жария етуді тапсырған болатын.

Қоғамдық жұмысқа тартылып сотталған азамат (азаматшалар) жергілікті жердегі әкімшілікпен белгіленген аймақтарды тазарту жұмыстарын жүргізуде.

Ағымдағы жылы Отырар ауданы пробация қызметі есебіндегі 9 сотталған азамат қоғамдық жұмысқа тартылып, ауылдың көркейту, абаттандыру ісіне қолғабыс етті. Олардың ішінде қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жазаны өтеуден жалтарған сотталғандар болған жоқ.

Егер сотталған жұмыстан бас тартқан жағдайда пробация қызметі сотқа қылмыстық теріс қылық үшін тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігін бас бостандығын шектеумен немесе бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыныс жолдайды.

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған адамдар қандайда бір арнайы даярлықты талап етпейтін аумақтарды көріктендіру, қосалқы, арту-тиеу жұмыстарымен т.б қарапайым, қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауға тартылады.

Аталған бағыттағы жұмыстардың орындалуын пробация қызметі бөлімдерінің қызметкерлері бақылауға алып отырады.

Кәрім Тұрсынбай,

Отырар аудандық пробация қызметі бөлімшесінің инспектор, әділет лейтенанты