ЕРІКТІЛІКТІ ДАМЫТУ ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

ЕРІКТІЛІКТІ ДАМЫТУ ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2020 жыл – Еріктілер жылы болып белгіленген. Атаулы жыл аясында Отырар аудандық пробация қызметінің бөлімшесі арнайы түзілген іс-шаралар жоспарына сәйкес түрлі форматтағы шараларды қолға алып, жүзеге асырды.

Солардың бірі - еріктілік қызметтегі өзара ынтымақтастық туралы аудандық «Жастар ресурстық  орталығы» КММ-мен жасалған мемарандум шеңберіндегі еріктілікті дамыту жұмыстары. Еріктілер жылының аяқталуына қарамастан еріктілік қызметті атқару жалғасын тауып келеді.

Сотталғандар арасында еріктілерді пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен жұмысқа тарту бағдарламасын іске асыруға ынталандыру үшін әр түрлі іс-шаралар өткізіліп, 7 сотталған ерікті азаматтар тартылды.

Негізгі іс-шаралар қайырымдылық акцияларын  және спорттық жарыстарды өткізуге бағытталып, жалғызбасты, аз қамтылған отбасыларға көмектерін көрсетуде.

Отырар аудандық пробация қызметі бөлімшесі есебіндегі сотталған еріктілер пробация қызметі бөлімшесі есебінде тұрған Б.Төленовтің ауласын тазалап, отынын шауып т.б көмектер көрсетті.

Алдағы уақытта да пробация қызметінде еріктілікті дамыту бойынша жоспарлы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Кәрім Тұрсынбай,

Отырар аудандық пробация қызметі бөлімшесінің инспектор, әділет лейтенанты