АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАУДА

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАУДА

Бүгін таңғы 7:00-ден бастап елімізде ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы басталды.

Отырар ауданындағы 40 учаскелік сайлау комиссиясында 29 519 сайлаушылар жарқын болашаққа деген ізгі сеніммен өз таңдауларын жасауда.

Саяси науқанда аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов өзі тіркелген №521 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

Айта кетейік, аудан бойынша 40 сайлау учаскесі құрылып, олар білім ошақтары, балабақшалар мен мектептерде орналасқан.

Оның ішінде, Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясындағы №521 сайлау учаскесінде бүгін 1854 адам дауыс бермек. Бақылаушылар қалыпты жұмыс істеуде. Ешқандай құқықбұзушылық тіркелген жоқ.