Біз өмір сүріп жатқан қоғамда тіршілік етіп отырған соң ондағы қарапайым адамдар белгілі бір әдепке сай қарым-қатынас жасайтыны белгілі. Ал, күнделікті қызметінде тұрғындардың түрлі уәжіне құлақ асып, олардың мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшілерге тиісті әдеп нормаларын сақтау басты міндет.
Осы ретте Отырар ауданы әкімдігінде Әдеп жөніндегі уәкіл қызметін атқару жауапкершілігі маған жүктелді. Жауапкершілігі жоғары қызметте сенім үдесінен шығып, аянбай қызмет ету негізгі мақсатым болды.
Өзіңнің жүріс – тұрысыңмен, халқыңа адал да абыройлы болу басты парызым деп есептеймін. Өйткені Әдеп жөніндегі уәкілдің міндетіне мемлекеттік қызметтің әдеп нормаларының сақталуы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға сәйкес ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне қайшы әрекеттердің алдын алу жұмыстарын үйлестіру жатады.
Мемлекеттік қызметшінің моральдік бет-бейнесі мен этикасына айрықша көңіл бөлінетіндігін атап өткен жөн. Негізінен мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытынан бос уақыттарында да Әдеп кодексін қатаң ұстауы міндетті. Демек қызметкер барынша сыпайы, өзінің лауазымдық артықшылығын жеке басының пайдасы үшін қолданбайтын адал, кез-келген сәтте сабырлы, ұқыпты болғаны жөн.
Биылғы Мемлекет басшысының Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш – тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын тұжырымдамасын іске асыру міндетін жүктеді.
Осыған байланысты ауданымызда әрбір тұрғынның өтініш-тілектерін орындау да маңызды. Өйткені ауданымыздың көркеюі мен дамуы, әрбір тұрғынның мұң-мұқтажының уақытылы шешімін тауып, халыққа жақын болып қолдау білдіру, қоғамда туындайтын мәселелерді шешуге көмектесіп, халықпен кері байланыс орнату әрқашанда мемлекетке сенімділікті арттыратыны сөзсіз.
Жергілікті басылымдарда, аудан әкімдігінің ресми-интернет ресурсында Әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен өткен жиналыстар туралы мәліметтер орналастырылуда. «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі «Отырар ауданының әкімдігі» ресми парақшасында да ақпараттар мерзімінде жариялануда. Әлеуметтік желіде халықпен кері байланыс орнату, жұмыстарды ашықтыққа, күнделікті бақылауға алынды.
Әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген негізгі бағыттарының бірі – ол мемлекеттік қызметшілердің білімін жетілдіре түсуіне ықпал ету, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп нормаларының сақталуын насихаттау. Бұл бағыт бойынша ауданымызда біршама істер атқарылуда.
Аталған міндеттерді орындау мақсатында бекітілген жоспарға сай Әдеп жөніндегі уәкілмен 2019 жылы 6 кездесу, 2020 жылдың 11 айында 12 кездесу өткізілді. Кездесулерге ауыл округі әкімі аппараты, дербес бөлім қызметкерлерімен қатар, мемлекеттік лауазымға теңестірілген тұлғалар қатысты.
Бұл кездесулердің күн тәртібіне мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының талаптарына сай мемлекеттік қызметшілерде ішкі жан тазалығының қалыптасуы - өзгеріске енуі, сапалы қызмет атқару және сыбайлас жемқорлықтын алдын алу, мүдделер қақтығысын болдырмау, мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын талапқа сай пайдалану, сымтетікпен сөйлеу мәдениетінің қалыптасуы және басқа да Әдеп кодексі талаптарынан туындайтын мәселелер қойылды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының бекіткен «Рухани жаңғыру» «Өзіңнен баста» бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі жоспардың тармақтарын орындау мақсатында мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметшілер мен зиялы қауым өкілдерімен шағын құрамда «Парасаттылық – адалдықтың биік шыңы» тақырыбындағы кездесу өтті.
2020 жылдың маусым айына дейін кездесулерде және жеке атыма аудандағы 8 мемлекеттік қызметшілер мен басқа да азаматтардан өздерін толғандырып жүрген сұрақтары көтеріліп, оларға жауаптар жолданды.
Сымтетік арқылы 1 адам хабарласып, олардың сұрақтары сол уақытта тиісті жауапты мемлекеттік қыметшілермен хабарласа отырып шешімін тапты. 2020 жылдың басынан осы уақыт аралығында қабылдауда болғандар, сымтетікпен хабарласқандар, почта арқылы келіп түскен арыздар саны – 7.
Бүгінгі таңда қоғамның жегіқұртына айналған сыбайлас жемқорлық мәселесі қоғам үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл бағытта күресті қолайлы саяси орта түзеуден бастаған құзырлы органдар «Адалдық алаңы» жобасын қолға алып, жоба аясында ауқымы кең жұмыстарды бастады.
Осы тұрғыда «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары аудан әкімдігінің 2018 жылғы 25 маусымдағы №118 санды қаулысымен бекітілген.
Аудан әкімдігінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №96 санды қаулысымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия құрамы бекітіліп, жоспарға сәйкес түрлі ұйымдастырушылық, құқықтық іс-шаралар және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ішкі талдаулар жүйелі түрде жүргізуде.
Тұңғыш Президент-Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман» – деп айтқандай, мемлекеттік қызметтегі мақсатымыздың бірі жинаған тәжірибелерді пайдалану арқылы елдің дамуына, Тәуелсіз Қазақстанның әлемдегі озық елдерінің қатарына енуіне өзіндік үлес қосып, қолтаңба қалдыру.
Жоғарыда баяндаған талаптар мен ұсытанымдарды ұстанып, әр азамат белсене атсалысқанда, адалдықты материалдық құндылықтардан биік қойғанда, адал қызмет ету арқылы елдің құрметіне бөленіп, бедел жинауға болатынын түсінгенде қоғамдағы сыбайластықтың жолы кесілетінін ұмытпайық.
Айдос Қалдыбайұлы Мәулен,
Отырар ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі–аппарат басшысы.