ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ

ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам - Ұлт жоспары» сайлауалды бағдарламасының 42-ші қадамымен, ҚР азаматтарының 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялауға көшуі көзделген.

Сингапур, Еуропа, Солтүстік Америка елдерінің тәжрибесіне сүйенсек, жалпыға бірдей декларациялауға өтудің келесідей оң тұстары бар:

  • Көлеңкелі экономиканың азаюы;
  • Бюджетке түсетін салық түсімдерінің артуы;
  • Сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуі.

Осыған орай, азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін түзетулер енгізіліп, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы 250.00-ші нысанды декларация оңтайландырылды. Атап айтқанда:

  1. Халықтың оқуға, медициналық қызметке ақы төлеуге, банктік несиелері бойынша сыйақы төлеуге арналған шығыстарын шегерімге жатқызуға мүмкіндіктер берілді;
  2. Қолма-қол ақшаның, активтердің құнын көрсету шегі 5880 АЕК немесе 14 847 000 теңгеге ұлғайтылды;
  3. Еgov.kz порталында 250.00-ші нысанды декларацияны тапсыру кезінде, жеке тұлғаның атына тіркелген барлық жылжымалы және жылжымайтын мүлктері (көлік, үй, жер) туралы мәліметтері автоматты түрде толтырылу функционалы енгізілді.

Бұдан басқа, азаматтардың декларацияларды ұсынуы үшін өздерінің Электронды цифрлық қолтаңбаларын (ЭЦҚ) қолданбай-ақ «Жалпыға бірдей декларациялау» мобильді клиенттік қосымшасы арқылы декларацияны электронды түрде ұсынуға мүмкіндік беретін шаралар қабылдануда.

Бұл жағдайда, пайдаланушы өзінің тіркелген телефон нөміріне, жүйеге кіруін растайтын 1-ретті  СМС-хабарлама арқылы жүзеге асырылатын болады. Яғни, әр азамат  декларацияны ешқайда бармай-ақ, кез-келген жерде ұсына алатын болады.

Алайда, ұйымдастырушылық және техникалық мәселелер сипатында бірқатар шешілмеген мәселелердің болуы, соның ішінде уәкілетті органдардың деректер базасының өзекті болмауы, халықтың цифрлық- қаржылық сауаттылық деңгейінің төмен болуы және елімізде тұратын азаматтардың интернет желісімен толық қамтылмауы т.б. мәселелер болуына байланысты, жеке тұлғалардың табыстары мен мүліктерін жалпыға бірдей декларациялауға және бұдан әрі кезең-кезеңімен көшу мерзімін ұзартуды көздейтін ұсыныстары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен мақұлданған.

Осыған сәйкес, ағымдағы жылдың 3 шілдесінде жалпыға бірдей декларациялауды енгізу 2020 жылдан 2021 жылдың 1 қаңтарына ауыстырылды және бұдан әрі кезең-кезеңімен көшуді көздейтін ҚР Заңы қабылданды.

 

Бірінші кезеңде – 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациалау шеңберіндегі декларацияны:

жауапты мемлекеттік лауазымдағыадамдаржәне мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

Екінші кезеңде – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы);

Үшінші кезеңде – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастапзаңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайы, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайы;

Төртінші кезеңде – 2025 жылғы 1 қаңтардан  бастап азаматтардың қалған санаттары декларация тапсырады.

Жалпыға бірдей декларациялаудың әр біркезеңдерінде декларацияны одан әрі жетілдіру және кемшіліктер анықталған жағдайда толығымен жою жұмыстарыда қатар жүргізілетін болады.

Жоғарыда аталғандарға байланысты, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, декларациялауға барынша дайындау мақсатында,Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғаларменжалпыға бірдей декларациялауға кезең-кезеңмен көшу және «Электрондық үкімет» egov.kz қызметін пайдалана отырып 250.00-ші нысанды декларацияны дұрыс толтыруы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Бұл ретте жалпыға бірдей декларациялау қолданысқа енгізілгенге дейін «Салық есептілігін қабылдау» тестілік режимде,ақпараттық сипатта жүргізіледі. Мұндағы мақсат, декларация табыстаудадекларацияда көрсетілген мүлік туралы мәліметтердің өзектілігін нақтылауын көздейді.Ұсынған декларациядағы мәліметтер бойынша жауапкершілік туындамайды.

Бірінші кезеңде 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап декларациялауды мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалар мен олардың жұбайлары табыстайтындықтан,мемлекеттік кәсіпорындарда, ұйымдардатүсіндіру жұмыстарын жүргізу кестесі түзілуде.

Осы кестеге сәйкес, бірінші кезеңде декларация тапсыратын барлық мемлекеттік мекемелерде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Болжам бойынша, заңға сәйкес 2025 жылға қарай 13 миллиондай Қазақстан халқы декларация тапсыратын болады.

Жалпыға бірдей декларацияны тапсыру бойынша туындаған сұрақтарды 1414 сенім телефоны арқылы білуге болатынын назарларыңызға жеткіземіз.

Отырар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы