Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырған әлеуметтік-тұрмыстық және инфрақұрылымдық мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, тұрғын үй мәселесі, елді мекендердегі жолдардың жай-күйі, көшелерді жарықтандыру, ағын су, электр бағаналарын жаңарту, сондай-ақ жұмысқа орналасу мәселелері бойынша өтініштер айтылды.
Аудан әкімі әрбір азаматтың мәселесін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің шешу жолдарын қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірді.
Тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар мен өтініштер бойынша жауапты бөлім басшылары мен сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын қамтамасыз ету міндеттелді.
– Халықтың өтініші мен талап-тілегі – атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі бағдары. Әрбір азаматтың мәселесі назардан тыс қалмауы тиіс. Көтерілген мәселелердің шешілу мүмкіндігі жан-жақты қарастырылып, заң талаптарына сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, – деді аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы.
Жеке қабылдау барысында көтерілген мәселелер тиісті бөлімдерге жолданып, олардың орындалу барысын бақылау аудан әкімінің жеке бақылауына алынды.