Бүгін еліміз үшін маңызды қоғамдық-саяси науқан – Құрылтай сайлауы өтуде.
Осы орайда Отырар ауданында 18 жасқа енді толған жас сайлаушы Шәмші ауылының тұрғындары Әлжаппар Ұлдана мен Оразбай Жадыра №498 сайлау учаскесіне алғаш рет өз таңдауын жасап, Құрылтай сайлауында дауыс берді.
Жас азамат үшін бұл – азаматтық жауапкершілігін танытып, ел өміріне алғаш рет өз үлесін қосқан маңызды сәт. Алғашқы дауыс беру – әрбір жас сайлаушының конституциялық құқығын жүзеге асыруының айқын көрінісі.
Жас сайлаушы өз таңдауын жасап, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті.
Алғашқы дауыс – үлкен жауапкершілік! Әр таңдау – ел болашағы!