Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдері мен жергілікті тауарлар ұсынылып, тұрғындарға қажетті өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік жасалды.
Арнайы ұйымдастырылған шара сайлауға келген аудан тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекелік атмосфера қалыптастырды.
Бүгінгі маңызды саяси науқанда Отырар ауданының тұрғындары да белсенділік танытып, өз азаматтық таңдауын жасауда.
Құрылтай сайлауы – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Әр азаматтың белсенділігі мен таңдауы елдің болашағын айқындауға өз үлесін қосады.