ОТЫРАРДА ҚАРИЯ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАП, АҚ БАТАСЫН БЕРДІ

ОТЫРАРДА ҚАРИЯ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАП, АҚ БАТАСЫН БЕРДІ
Отырар ауданындағы сайлау учаскелерінің біріне ел ағасы арнайы келіп, Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады. Қария азаматтық парызын орындап, ел болашағына қатысты маңызды науқанға өз үлесін қосты.
Дауыс беру рәсімінен кейін ақсақал жастарға ақ батасын беріп, елдің бірлігі мен ынтымағын тіледі. Ол кейінгі буынды елжандылыққа, білімге ұмтылуға және туған жердің дамуына өз үлесін қосуға шақырды.
«Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Жастарымыз білімді, еңбекқор болып, елге қызмет етсін. Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болғай!» – деп ақ тілегін білдірді қария.
Қарияның сайлауға қатысып, артынан жастарға ақ батасын беруі – үлкенді сыйлау, бата алу дәстүрі мен азаматтық жауапкершіліктің сабақтастығын көрсеткен тағылымды сәт болды.Айта кетейік, Отырар ауданында 40 сайлау учаскесі бар. Оның 39-ы ашық, 1-еуі жабық нысанда. Аудан бойынша 28669 сайлаушы дауыс беру құқығына ие.