ОТЫРАР АУДАНЫ ҮЗДІК АУДАНДАР ҚАТАРЫНДА

ОТЫРАР АУДАНЫ ҮЗДІК АУДАНДАР ҚАТАРЫНДА

Бүгін түркі дүниесінің рухани ордасы болған Түркістан қаласында «Altyn kùz – 2020» мерекесі салтанатты жағдайда аталып өтті. Мерекелік шараға ауыл шаруашылық еңбеккерлері мен шаруа қожалық төрағалары мен аудан қала əкімдері қатысты.

Салтанатты шарада облыс əкімі Өмірзақ Шөкеев барша аграрлық сала еңбеккерлерін жылдық қорытынды мерекемен құттықтап, салада жоғары нəтиже көрсеткен аудан-қала əкімдеріне жəне еңбек озаттарына арнайы марапаттарды табыс етті.

Ауыл шаруашылығы саласының еңбек озаттары мен үздік нəтиже көрсеткен аудандар марапатталған шарада ауыл шаруашылығының барлық көрсеткіштерін орындауда Отырар ауданы облыс бойынша екінші орынға лайықты деп танылды. Отырар ауданы Қазақстан Республикасы «Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні» кәсіби мереке аясында ірі қара мал басын импорттау және жүгері өндіру бойынша облыстағы үздік аудан аталымы бойынша марапатқа ие болды. Сондай-ақ ауданымыз агроөнеркәсіп кешенінің даму бағдарламасы көрсеткіштерін орындаудан озат аудан ІІ орын иегері болды.

Аудандағы жалпы өнім көлемі 22,9 млрд.теңгені құрап, 4,5 млрд.теңгеге артқан. Негізгі капиталға 1,5 млрд.теңге инвестиция тартылып, 3360 бас асыл тұқымды аналық ірі қара мал шет елдерден импортталған.