Жаз мезгіліндегі аптап ыстықтың әсерін төмендету және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында Шәуілдір ауылының көшелерінде аэрация жұмыстары жүргізілуде.
Арнайы техникамен жол жамылғысына су бүрку арқылы асфальттың шамадан тыс қызуының алдын алу шаралары жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстар көшелердегі жылу деңгейін төмендетіп, қоршаған ортаның жайлылығын арттыруға және тұрғындардың күнделікті жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Аэрация жұмыстары жазғы маусым бойы тұрақты түрде жалғасатын болады.