Отырар ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында мобильді топ құрылды. Мобильді топтың қатысуымен саябақтарда, скверлерде, жағалау аймақтарында, демалыс орындарында, сондай-ақ халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарда рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Аралау барысында, тазалық қағидаларын бұзудың 8 фактісі анықталды.
Атап айтқанда, рейдтік іс-шара барысында қоғамдық орында, демалыс аумақтарында, саябақтарда, базар аумақтарында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы 1 бөлігімен 4 құқық бұзушылықтар анықталып, заңды шара көру мақсатында жинақталған іс-құжаттар Отырар аудандық сотына жолданды. Ал, 505-бабы 1 бөлігімен 4 құқықбұзушылықтар анықталып, 1 тұлғаға хаттама толтырылып, 42250 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынса, 3 тұлғаға ескерту шарасы көрілді.
Аталған бағыттағы рейдтік және профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жалғастырылып, тұрғындарға қоғамдық орындарда тазалықты сақтау, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.